Жасөспірімдер Олимпиадасы: боксшы Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер басталды.
9 қарашада Қазақстан атынан Ақнұр Тұрсынғали шаршы алаңға шықты.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Сенегал өкілі Хадидиату Буаромен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Еске салайық, бұған дейін Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алғанын хабарлаған едік.