Жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсеткен екі ақтөбелік өмір бойына сотталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Олар жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсетіп, анасын бопсалаған. 

қылмыс
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Қорқытып алу» баптары бойынша іс қаралды.

Айыптау актісіне сүйенсек, бір-біріне бөле болып келетін Қ және К алдымен жеңгелерін бопсалайды. Олар WhatsApp мессенджері арқылы нағашы ағасына жеңгесінің махаббат хикаясы туралы айтып беретінін, жария болмауы үшін 5 млн теңге қажет екенін айтады. Сотта сотталушы Қ. нағашы ағасының 2010 жылы туған қызына 2017 жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткіні туралы айтылды. Сонымен бірге сотталушы К. 2020 жылдан бері жасөспірім қызға зорлық көрсеткен. Сот отырысы кезінде сотталушылар «Қорқытып алу» бабы бойынша тағылған айыпты мойындады. Ал «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша тағылған айыппен келіспеді. 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы Қ. және К. Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Қорқытып алу» баптары бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеде «Жилище» тұрғын үй-кооперативінің басшысы Нұрлан Каусов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 75 үлескердің азаматтық ісі бөлек қаралады. 

Соңғы жаңалықтар