Формула-1 чемпионы Майами Гран-приінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Майами Гран-приінің іріктеу кезеңінде Макс Ферстаппен қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жарыстың үздігі атанды. 

Майами турнирі
Фото: Prosports.kz

Red Bull спортшысы осы маусымда барлық алты поулды да жеңіп алды. Өткен маусымды ескерсек, Нидерланд спортшы жеті квалификацияны қатарынан ұтты.

Екінші және үшінші орындарды Ferrari спортшылары Чарльз Леклерк пен Карлос Сайнц иеленді.

Майами Гран-при іріктеу кезеңі

1. Макс Ферстаппен (Ред Булл) 1:27.241

2. Чарльз Леклер (Феррари) +0,141

3. Карлос Сайнц (Феррари) +0,214

4. Серхио Перес (Ред Булл) +0,219

5. Ландо Норрис (Макларен) +0,353

Еске салсақ, бүгін белгілі боксшы Сауль Альварес төртінші рет абсолютті әлем чемпионы атағын қорғағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар