Жастар арасында өткен «Сен жанбасаң лапылдап!» мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды - ОҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе ұйымдастыруымен оңтүстік өңірдегі жас таланттар арасында Тәуелсіздік күніне орай «Сен жанбасаң лапылдап!» аймақтық жыр мүшәйрасы өтті.
None
None

Жыр мүшәйрасына 14 пен 30 жас аралығындағы жас ақындар қатысты. Жас ақындардың шығармаларын сараптайтын арнайы конкурстық комиссия құрылып, кiл мықтыларды анықтады. Комиссия құрамында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызы, ақын, Жазушылар одағының мүшесi, ҚР мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин және белгiлi журналист Ержан Байтiлес бар.

Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Мұқағали Кенжетайұлы қанжығаласа, Дәурен Айманбетов бірінші орын иеленді, Бақбер Алтай мен Ақерке Мәлікова екінші орынды өзара бөлісті. Мүшәйра жеңiмпазының кітабы шығарылып берілмек, ал өзге жүлдегерлер арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Соңғы жаңалықтар