Жастар арасындағы жұмыссыздық 4 есеге азайды - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - 2001 жылмен салыстырғанда жастардың жұмыссыздық деңгейі 4 есеге азайып, 3,8 пайызды құрап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министр жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқтала келе, бұл көрсеткіш Еуропа мен ТМД елдерінде шамамен 18 пайыздан, ал кейбір елдерде 40 пайыздан асатынын жеткізді.

«Біздің елімізде жастарды жұмыспен қамту мәселесі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы іске асады. Атап айтқанда, «Жасыл ел» жобасы. Оған 7 жылдың ішінде 160 мыңнан астам студент және жұмыссыз жастар тартылды»,-деді Б. Жұмағұлов.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша  жұмысқа орналасқан педагогтердің саны 1,8 есеге, дәрігерлердің саны 2,7 есеге артқан. Ал «Жастар саясаты» жобасының арқасында соңғы 3 жыл ішінде 50 мыңнан астам бітіруші тұрақты жұмысқа орналасты»,-дейді министр.

Соңғы жаңалықтар