Жастар қандай жағдайда президенттік кадр резервінен шығарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев іріктелген жастардың қандай жағдайда президенттік кадр резервінен шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттік президенттік жастар кадрлық резервін жетілдіру жұмысын үнемі жүргізіп келеді. Айталық, желтоқсанда резервтен шығару тәртібін қарастыратын жарлық қабылданды. Осылайша, резервтен шығару, өзге елдің азаматтығын алу, азаматтығын жоғалту және теріс қылықпен жұмыстан шығарылған кезде жүзеге асырылады», - деді Дархан Жазықбаев елордада өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, елміздің барлық өңірінде өңірлік жастар кадрлық резерві құрылған. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады.

«Бұл өңір жастары үшін әлеуметтік лифті болады. Қазіргі уақытта заңға енгізу және өңірлік резервке қатысты түзетулерді ұйымдастыру жұмысы пысықталып жатыр», - деді ол.


Фото: vostokmedia.com

Соңғы жаңалықтар