13:09, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Жастар нашақорлыққа қарсы екендіктерін білдірді
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласының іргесіндегі "Арай-Санрайз" балалар тынығу лагерінде "Жастар нашақорлыққа қарсымыз!" акциясы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акцияда облыс көлемінде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алуды жандандыру және жастар мен жасөспірімдерді бос уақытын тиімді өткізуге шақыру жайы көтерілді. Осы күнге үлкен дайындықпен келген лагерьде демалушы балалар арасында футбол мен сурет салудан сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ кинологиялық орталық қызметкерлері жастарға иттердің көмегімен ашылған қылмыстарды бейне сюжет арқылы үйретілген "иісшілдердің" дайындықтарын көрсетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан жастарға ақпараттық-публицистикалық "Наркопост" журналы мен спорт киімдерін таратты.