Жастар «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау акциясын өткізді - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жастар ұйымдары мен бірлестіктері «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуын кеңінен қолдау мақсатында бас қосты.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен айтулы іс-шарада «Қызылорда облысы жастарының одағы», «Жас құрылысшылар», «Жасыл ел» секілді ұйымдардың өкілдері түрлі спорттық байқаулар ұйымдастырды. Армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту секілді спорт түрлерінде кез келген қатысамын деушілер бақ сынасты. Спорттық шараға адам көп жиналып, командалар жасақталды. Гір тасын көтеруде «Жасыл ел» қозғалысының мүшесі Балтабек Ерсұлтанды басып озған ешкім болмады. Арқан тарту сайысы да өте қызықты, әрі тартымды өтті. Мұнда жас құрылысшылар күші басым түсті. Ал «Қыздар ғана» командасы үшінші орынды еншіледі.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар
telegram