Жастар санаққа арналған акция ұйымдастырды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Қазақ-Қытай институтында "Санақты жастар қолдайды" атты акция ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқытушылар мен студенттер алдында облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Марат Аралбаев халық санағының ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Сыр өңірінде 3 мыңнан астам санақшы маңызды шараға атсалысады. Көпшілікке белгісіз болып келген кейбір ұлт өкілдерінің санақ кезінде анықталып жататындығы да бар. Мәселен, 1999 жылғы санақта Ақтөбе өңірінен уд деген ұлттың он отбасы есептен өткен. Мінекей, халық санағының айрықша мәні осында жатыр. Жалпы демографиялық және әлеуметтік, тағы басқа деректердің толыққанды мәліметі жинақталады. Сондықтан әрбір азамат санақ парақтарындағы 45 сұраққа бүкпесіз жауап беруі тиіс. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алып, халық санағына ұйымшылдықпен қатысуға ынталы екендіктерін білдірді.
Соңғы жаңалықтар