«Жастар университетінде» жас буынның ынтымақты жұмыс жасау жайы қарастырылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында орын тепкен «Приречный» сауықтыру орталығында өткен «Жастар университетінде» ауыл жастарының ынтымақты іс-қимылы, алдағы жоспарлары сарапталып, бағыт-бағдары айқандалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жолғы бас қосуға өңірдің әр аудандары мен ауылдарынан келген жастар жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер көшбасшылары, ішкі саясат және мәдениет бөлімдерінің қызметкерлері екі күн бойы өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Соның барысында жастар бірлестіктерінің ынтымақты жұмыс жасауы, көш басшылардың міндеті, жастар саясаты, жас буынмен жұмыс істеу тәжірибесі ортаға салынды. Секциялық жұмыстар өткізіліп, тренингтер, пікір сайыстар, дөңгелек үстел басында ой бөлісу іске асырылып, семинар соңында әрқайсысына сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар