«Жастар жалыны - Отанға, жомарт жүрегі - жастарға!» телевизиялық марафон өтеді

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақстан» телеарнасымен бірігіп, наурыздың 17-сінде жалпықазақстандық телемарафон өткізеді.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық партиясында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бұл Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы ақпанның 12-сінде өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кенесінің кеңейтілген отырысында Студенттерді қолдау қорына каржы жинау үшін берілген тапсырмасына сәйкес қолға алынып отырған шара. Басты мақсат ? ақылы негізде оқып жатқан студенттерді қолдауға қоғамдық ұйымдар мен саяси тұлғалардың, ірі және шағын бизнес субектілері өкілдерінің назарын аудару болып табылады», - деді партияның ресми өкілі Оксана Петерс.
Соңғы жаңалықтар