Жастар жасанды интеллект жобаларына ерекше мән беруі керек - Мейрам Жардаев

АСТАНА. KAZINFORM – SmarTestPrep жобасының негізін қалаушылардың бірі Мейрам Жардаев Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкасында стартап үшін ең тиімді бағыттарды атады.

Жастар жасанды интеллект жобаларына ерекше мән беруі керек - Мейрам Жардаев
Фото: Kazinform

- Стартап кем дегенде 10 жылға есептелуі керек, яғни бір компанияның жақсы нәтижесін көрсетуге кем дегенде 10 жыл қажет. Сондықтан осыған дайын болуы керек. Екіншіден, тренд салаларға назар аудару мыңызды. Уақытша трендтер көп кездеседі. Атап айтқанда, жасанды интеллект уақытша тренд емес, бұл бағыт болашаққа әсер етеді. Бұл тұрғыда, әр адам жасанды интеллектіні игеруге, пайдалануға назар аударуы тиіс деп ойлаймын, - деді М.Жардаев.

Осы орайда ол кейінгі 2-3 жылда бұл салаға ерекше назар аударылып келе жатқанын еске салды. 

Жастар жасанды интеллект жобаларына ерекше мән беруі керек - Мейрам Жардаев
Фото: Kazinform

- Бұл жасанды интеллект саласы басқа да бағыттарды қарқынды түрде алға ілгерілетіп жатыр. Осыны ескере отырып, қазір жан-жақтан бұл салаға капитал тартылып жатыр. Жастар IT салада маман болуды жоспарласа, онда жасанды интеллект бағытындағы жобалармен айналысуы керек деп кеңес берер едім, - деді сарапшы.

Еске салсақ, биыл мамыр айында Парламент Мәжілісі «Жасанды интеллект туралы» негізгі заң мен екі ілеспе заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

 

Соңғы жаңалықтар