Жастар Жолдауды түсіндіру үшін ауылдарға аттанды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жас белсенділер ондаған елді мекенде патриоттық концерттер қойып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауын түсіндіретін топ жасақтады.
None
None

Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жастар керуені жолда екі апта болады. Шалғай жатқан ауылдарға да ат басын тіремек. Белсенділердің негізгі аудиториясы - ауыл жастары. Олармен әр түрлі форматта, мәселен пікірсайыс, дәріс және сұхбат түрінде кездесу жоспарланып отыр. Іс-шараларды әсерлі өткізу үшін концерттік бағдарламалар да ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар