Жастарды колледждерде тегін оқыту «Жас талап» жобасы аясында жалғасады – Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колледждерде оқығысы келетін 9-сынып түлектері нарыққа қажетті тегін оқытумен толық қамтылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.

Жастарды колледждерде тегін оқыту «Жас талап» жобасы аясында жалғасады – Асхат Аймағамбетов

«Жастарды колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз ету «Жас талап» жобасы аясында жалғасатын болады. Күтілетін нәтиже – колледждерде оқығысы келетін 9-сынып түлектерін нарыққа қажетті тегін оқытумен толық қамту», - деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс кезең-кезеңімен 70 мың орынға дейін ұлғайтылатын болады.

«Әр облыс бойынша қажетті көрсеткіштер дайындалды. Бастысы, барлық әкімдіктер қажетті қаражаттың толығымен бөлінуін қамтамасыз етуі керек», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім министрі 1 мың жаңа мектепті салу қадамдарын түсіндірді.