Жастарды «Workout» спорт түрімен айналысуға тарту керек - БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігі жастарды спорттың «Workout» бағытына жаппай тартпақ. Бүгін Парламент Сенатында спортты дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
Еске салайық, Үкімет сағаты «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында бұқаралық спортты заңнамалық қамту мәселелеріне арналған болатын.
«Қазір біз жастарды жаппай «Workout» спорт бағытына тарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Спорттың бұл түрі өте ыңғайлы, қолжетімді, аулаларда орналастырыла береді, оны орнату үшін бұрынғыдай бетонмен құюдың да қажеті шамалы. Оның жабдықтары да арзан тұрады: 100 мыңнан 300 мың теңге аралығында. Біз осы спорт жабдықтарының 100 мыңға жуығын сатып аламыз ба деп отырмыз. Оларды аулаларға орналастыру оңай», - деді министр Мұхамедиұлы.
Оның айтуынша, спорттың бұл бағыты жастар арасында аса танымал болып отыр.
«Біз 1-желтоқсанда, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Workout»-тан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.