Жастарды «жиһадқа» үгіттеген павлодарлықтарға сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда лаңкестік пен экстремизмді насихаттағандарға қатысты сот үкімі шықты. Жастарды «жиһадқа» үгіттеген төрт адам 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.
None
None

Ең ұзақ мерзімді, яғни 6 жылды өзін «Жамағат Айдархан» деп атаған топ жетекшісі арқалады. 46 жастағы «әмір» жергілікті күзет агенттігінің басшысы қызметін де қоса атқарған. Қалған 20-25 жас аралығындағы азаматтар Ақбиев, Жолаев, Қабден алдағы 3 жылды абақтыда өткізетін болды. Бұлар қаладағы жалдамалы пәтерлер мен орталық мешіттің маңайында жиын ұйымдастырып, жұртшылықты жиһадқа қатысуға шақырған. Сондай-ақ садақа жинап, ол ақшаны сотталған жолдастарының отбасыларына көмек ретінде үлестіріп келген.

Қылмыстық топ сот залынан тікелей жалпы тәртіптегі түзеу колониясына жөнелтілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар