Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру - биылғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің басты бағыты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру - биылғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің басты бағыты. Сол үшін де биылғы оныншы мерейтойлы Жәрмеңкеде жастардың бастамаларына ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл жөнінде Алматыда өтіп жатқан Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің ашылу салтанатында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Сергей Тоқтаров мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырып отырған Жәрмеңке қазіргі таңда азаматтық қоғамның барлық белсенді өкілдерінің бірегей коммуникациялық алаңына айналып отыр.

«Үкіметтік емес ұйымдар ұсынып отырған биылғы жобаларға қатысты талаптар күшейтілді. Тұңғыш Президент Қоры қайырымдылық ұйымы емес. Басты талап - грантты жеңіп алған ұйым әрі қарай дамуы керек. Алған қаржыны шығындап болған соң тоқтап қалмауы тиіс. Олардың жобалары жергілікті әлеуметтік қоғаманың дамуына бағытталуы керек. Қордың беретін қаржысы жобаны іске асыруда белгілі бір баспалдақ іспеттес», - деді өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті жанындағы әлемдік экономика және саясат институты директорының кеңесші, байқау комиссиясының мүшесі Алма Сұлтанғалиева.

Жәрмеңкеге қатысатын 200 астам жобаны он адамнан тұратын комиссия қарайды.

Оның құрамына Қормен байланысы жоқ қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары енеді. Жеңімпаздарға берілетін гранттардың көлемі миллион теңгеге жуық.

Биылғы жобалар тоғыз аталым бойынша қаралуда. Олар: «Болашаққа қадам: жастар және инновация», «Мен жетістікке жетудің құпиясын білемін», «Мықты Қазақстанның жастары: даму уақыты», «Бүгін жаса», «Менің отбасым - менің тірегім», «Біз - бір еліміз, бір халықпыз», «Таңдау өзіңде», «Бейтаныс Қазақстан», «Әлеуметтік кәсіпкерлік: жастар арасындағы идеялар мен жобалар».

Жәрмеңке шеңберінде коммерциялық емес ұйымдардың және олардың ұсынып отырған жобаларының көрме-тұсаукесерлері және жобалар дайындауда шеберлік сынаптары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар