Жастардың кәсіпкерлікпен айналысу ынтасы жоғары - Ғабит Лесбеков

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жастардың кәсіпкерлікпен айналысу ынтасы жоғары. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Даму» КДҚ» АҚ Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков айтты.
None
None

Оның айтуынша, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көп көмектер берілуде. «Оларға негізгі көмек беретін қаржылық даму институты ретінде біздің «Даму» қоры жатады. Үш жылдан бері бізде «Бизнес кеңесші» бағдарламасы жұмыс істеуде. Бағдардарлама 209 өңірде жүргізілуде, жастар бұл бағдарламамен бизнесті бастау бойынша білім алуда. Оған қатысуға жасаралық шектеу қойылмайды»,-деді ол.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ляззәт Ибрагимованың айтуынша, жастар кәсіпкерлігінің дамуына мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде. «Оның бір мысалы ретінда жақында Кәсіпкерліктің жаһандық апталығы шеңберінде өткен Жас кәсіпкерлердің форумын айтуға болады. Жастар арасында кәсіпкерлік әлеуетінің ашылуын ынталандыру мақсатында өткізілген форумда жас кәсіпкерлер мен өз бизнесін бастауды жоспарлап жүрген қатысушылар өз ісін дамыту жөнінде көптеген кеңес алды, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, форумның нәтижесінде жас кәсіпкерлерге арналған ақпараттық желі құрылды»,-деді ол.

Ол сондай-ақ, бүгінде жас кәсіпкерлердің шетелде біліктіліктерін арттыруға арналған «Іскерлік байланыс» жобасы жетістікті іске асуда дейді. «Қазір бұл жоба бойынша жас кәсіпкерлер шетелде екі кезең бойынша білім алуда. Онда олар тегін арнайы курстар алады, ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Сосын бизнес жоспар жазып, халықаралық сарапшылардың алдында қорғайтын болады. Жақында сол жобаның 20 адамнан тұратын бірінші тобы Германиядан келді. Атап өткім келеді, онда оқу тегін. Сондықтан, ниет білдірушілерді шақырамыз. Қазір Алматы мен Астанада бесінші топты жинау жүргізілуде»,-деді Ляззәт Ибрагимова.

Оның пікірінше, кәсіпкерлікті бастаймын деген жастардың 50 пайызынан көбі қабілеттілігі мен білімі аз. Ал, 48 пайызының қаржылық ресурстары жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар