«Жасыл» аймақтағы Атырау облысында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус жұқтырған 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус инфекциясын жұқтырған 193 адам оқшауланған.

«Атырау облысында өткен тәулікте қауіпті вирусқа 6 адам шалдыққаны анықталды. Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Индер ауданында – 1, Исатайда – 1, Құрманғазы ауданында 2 науқас тіркелді. Қазір 99 адам үй жағдайында, 94 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 62, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 21, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 13 науқас хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдау үшін оқшауланды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Өңірдегі 580 төсек-орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 16,5%. Стационарлардың 58 орынға арналған жансақатау бөлімдерінде жағдайы ауыр 16 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір бұл бөлімдегі жүктеме 27,6% құрап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 227 адам коронавируспен ауырып жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар