«Жасыл белдеудегі» жасыл көшеттерді қазып алғаны үшін айыппұл төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны «Астана Орманы» аумағынан желектерді заңсыз қазып алғаны үшін 31 815 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.

  «Жасыл белдеудегі» жасыл көшеттерді қазып алғаны үшін айыппұл төлейтін болды

25 шілдеде Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясының инспекторына «Астана Орманы» аумағынан желектерді заңсыз қазып алу фактілері туралы қоңырау келіп түскен. Полицейлер Ақмола облысының 36 жасар А. деген азаматын ұстады, күдікті «жасыл белдеуде» Көкшетау тасжолының бойындағы «Чинар» дәмханасының жанынан 12 қайың ағашын қазып алып, оларды үйінің жанына екпек болған. Заң бұзушы ҚР ӘҚБК 386-бабы «Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылып, 31 815 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері күдіктіні желектерді қайта орындарына отырғызуға міндеттеді.

Жалпы, жыл басынан бері жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзу бойынша 537 заңды және жеке тұлға жалпы, 1 654 380 теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды astana.kz.