Жасыл даму ӨКМ Операторының толық құқықты мұрагері болады

«Үкіметтің 18 қаңтардағы қаулысына сәйкес, «Жасыл даму» АҚ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалған. Қазіргі уақытта оператор «ӨКМ Операторы» ЖШС-нан Экологиялық кодексте көзделген міндеттемелерді, оның ішінде қаржылық міндеттемелерді, активтер мен ақша қаражатын қабылдау рәсімін жүзеге асырады. Осылайша екі тараптан барлық қажетті корпоративтік шешімдер қабылданып, құқық қорғау органдары «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның жекелеген лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істер шеңберінде салынған банктік шоттардан шектеуді алып тастау бойынша жұмыс жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Бұл рәсімдер аяқталғаннан кейін «Жасыл даму» АҚ бұрынғы оператор ретіндегі соңғы өкілеттікті жүзеге асыру аясында «ӨКМ Операторы» ЖШС міндеттемелерінің толық құқықты мұрагері болады.