«Жасыл ел» бағдарламасы жалғасатын болды - ҚР Білім және ғылым министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасыл ел» бағдарламасы жалғасатын болды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
None
None

«Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясына Елбасы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша тиісті тапсырма берді. Осы орайда бүгін Үкімет отырысында нақты шешім қабылданды. Атап айтқанда, бағдарламаны алдағы жылдан бастап жалғастырамыз. Биыл осы бағдарламаны жүзеге асырудың соңғы жылы болатын», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, аталған бағдарламаның барысында, яғни 2008 жылдан бері 44 млн. түп ағаш отырзылып, бұл жұмыстарға 200 мыңнан астам жастар қатысты. Сонымен қатар осы жылдары 111 мың гектардан астам жер өңделді.

«Бұл бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылғанын ескерсек, «Жасыл ел» өте қажет екенін атап өткім келеді. Мемлекеттің шешімімен бағдарлама мерзімі ұзартылады»,- деп нақтылады А.Сәрінжіпов.

Соңғы жаңалықтар