«Жат жандар» және «Титаник» фильмдерінің жұлдызы Билл Пэкстон өмірден озды

 АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та 1986 жылы шыққан «Жат жандар» фильмі арқылы танымал болған актер Билл Пэкстон өмірден озды. Оның бақилық болғанын жанұясы хабарлады. Актер  61 жаста болатын, деп жазады ВВС .

«Жат жандар» және «Титаник» фильмдерінің жұлдызы Билл Пэкстон өмірден озды

Оның жағдайы ота жасағаннан кейін күрт нашарлаған. Отбасының өкілі өзге мәліметтер берген жоқ.

Билл Пэкстон 1955 жылы Техаста дүниеге келген. Ол 1980 жылдан киноға түсе бастаған. Алғашқыда "Терминаторда» (1984) кішігірім рөлде ойнаған.

Пэкстонның ең танымал жұмыстары - "Чужие" (1986), "Хищник 2" (1990), "Правдивая ложь" (1994), "Аполлон 13" (1995), "Смерч" (1996)  және "Титаник" (1997).

Актердің соңғы фильмі өткен жылы шыққан "Жестокие мечты" болды.