Жатақханадан шығатын өрттер 36% азайды – министр
Үкімет отырысында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Жатақхана» профилактикалық акциясының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Өткен жылы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және заңсыз жұмыс істейтін жатақханаларды анықтауға бағытталған «Жатақхана» өрт қауіпсіздігі акциясы оң нәтижесін берді. Рейдтік іс-шаралармен 1,5 мыңға жуық жатақхана қамтылды. 700 жатақханада 3 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды. Бұл жұмыстың тиімділігі жатақханадағы өрттердің, зардап шеккендердің және адамдардың өлімінің азаюымен расталады. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда өрттер 36 пайызға, зардап шеккендер 2,5 есеге, қаза тапқандар 6 есеге қысқарды. Биылғы науқан қараша айына жоспарланған», - деді Сырым Шәріпханов.
Сонымен бірге ол жыл басынан бері тұрғын үй секторында болған өрттен 203 адам қаза тапқанын айтты.