Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің күзетшісі суға батып бара жатқан екі қызды ажал аузынан арашалап қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің күзетшісі суға батып бара жатқан екі қызды ажал аузынан арашалап қалды.
None
None

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Шіркейлі каналына №172 орта мектебінің 9-шы сыныбында оқитын 12 оқушы су жағасына демалуға барған.  5 қыз бөлек су жағасына барып,  жиектен 1 метр жүріп, аяқтарын суға жууға түскен. Жуынып тұрғанда аяғы тайып, жағадағы иіріміне түсіп, бата бастаған кезде қыздардың ішіндегі бір қыз, екі қызды да өзіне тартып алады. Үшеуі қолын ұстасқан күйі жағадан 20 метр ұзайды. Жиекте қалған 2 қыз айқайлап, «Көксу фазенда» күзетшісі С.Омаровқа дауыстап көмек сұрап, үш қыздың батып бара жатқанын айтады. Қыздардың жан даусын естіген күзетші Сағыныш Омаров Шіркейлі каналына суға  түскен. Осы кезде қыздар бір-бірінің қолдарынан ажырап кеткен. Күзетші С.Омаров жылдамырақ жүзіп, 1 қыздың қолынан ұстап тасымалдап құтқарып, жағаға жеткізіп, басы көрер-көрінбес ағып бара жатқан екінші қызға жүзіп барып, шашынан ұстап, су бетіне шығарып, кеудесінен демеп,  тасымалдап жағаға жеткізген. Сонан соң Сағыныш артына қарап үшінші қыздың қай бағытта ағып бара жатқанын аңғармай қалған. Суда көрінбесе де суға түсіп жобалап, 2-3 мәрте сүңгіп, іздестірген, бірақ таба алмаған. Өзінің де қатты шаршағанын сезген соң, жағаға шыққан. Осы кезде қасындағы қыздар 103, 112 телефондарына хабарлап, жедел жәрдем мен ТЖ департаментінен құтқарушыларды  шақырған.

Осылайша Сағыныш Серікұлы 15 жасар екі қызды Шіркейлі каналындағы ағысы қатты, терең, жағасы тік жар жерінен суға батып бара жатқан жерінен аброймен аман алып шығады. Ол бүгінгі таңда «Монтажспецстрой-Күзет» ЖШС-нің күзетшісі болып еңбек етіп жүр. Ұжымы арасында сыйлы, беделді. Отбасында  екі бала тәрбиелеп отырған абзал әке. Қыздардың ата-аналары Сағынышқа балаларын құтқарып қалғаны үшін зор  алғыстарын білдіруде.

Соңғы жаңалықтар