11:37, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Жауапты лауазымдарға кадрларды іріктеуде «Нұр Отан» партиясының рөлін күшейту қажет- Мемлекет басшысы
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жауапты лауазымдарға кадрларды іріктеуде «Нұр Отан» партиясының рөлін күшейту қажет.

Бүгін «Нұр Отан»ХДП-ның кезектен тыс сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Баршалар, яғни партияның саяси кеңесі бюросынан бастап, бастапқы ұйымдарына дейін саяси жұмыстардың жаңа формаларын игеру қажет. Біздің партияда кадрлық саясаттың айқын жүйесі болуы шарт. Атап айтқанда, аудандар мен облыстағы департамент басшыларынан бастап министрлерге дейін, яғни мемлекеттік менеджерлер жауапты лауазымдарына кадрларды іріктеуде партияның рөлін күшейту қажет», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.