07:27, 26 Қазан 2023 | GMT +5
Жауын-шашын, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Кazinform.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметі бойынша, республика аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, шығыста қалың қар, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болып, жаңбыр жауады.
Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.