«Жауқазын» көрмесін Бөрлі ауданы оқушылары қорытындылады - БҚО

ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қолға алынған «Жауқазын» облыстық көрмесін Бөрлі ауданы оқушылары қорытындылады.
None
None

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Болат Шәкімов өңірде балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға барлық жағдайдың жасалғандығын атап өтті. Талантты балалар саны жыл санап өсіп келеді. Қазіргі таңда аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында 11 үйірмеде 475 бала өз шеберліктерін шыңдауда.

Көрмеге қойылған бөрлілік жас дарындардың жұмысы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, Динара Аманғалиева, Асқар Азат, Ақерке Базарғалиева және басқаларды айтуға болады.

«Жауқазын» көрмесі 8 желтоқсанда қорытындыланып, облыс бойынша жиырма ең үздік дарынды балалар анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар