Жауын-шашынның салдарынан Оңтүстік Қазақстанда шит кеш себілуде

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -Оңтүстік Қазақстанда шит себу науқаны бір айға кешеуілдеді.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпаратқа облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады. «Ағымдағы жылы мақта танабы 158 мың гектарға жоспарланған болатын. Әдетте шит сәуірдің 15-інен егіле бастап, науқан мамырдың 1-іне дейін аяқталатын. Бірақ мамырдың соңғы күндері келіп қалғанына қарамастан, небәрі 120 мың гектарға ғана шит себілді», - дейді басқарма бастығының орынбасары Низамиддин Пірманов. Шит себудің бір айға кешеуілдеуіне аймақта бір жарым ай бойы үзіліссіз дерлік жауған нөсер жауын себеп болып отыр. Техника далаға шыға алмай қалды. Ал жауын-шашынның арасында бірлі-екілі ашық күндері шит сеуіп үлгергендер де жетістіктерімен мақтана алмай отыр: нөсер жауын 1 200 гектардай жерді шайып кетті. Сондықтан да диқандар ол жерлерге қайта шит себуге мәжбүр болып отыр. Егу науқанының кешеуілдеуі осы бір маңызды дақылдың шығымына қауіп төндіруі мүмкін, дейді агроном мамандар. Себебі мақтаның толық өсіп, пісуіне 120-дай ашық күн керек. «Яғни, бүгіннен бастап есептегенде, қазан айына дейін бірде-бір тамшы жауын жаумауы керек», - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум