«Жаужүрек мың бала» фильмі Қарағанды тұрғындарының көңілінен шықты

Ол қызықтаушылар көңілінен шықты, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» киностудиясының соңғы уақыттағы тамаша туындысы ретінде бағаланды.Оны түсірген режиссер Ақан Сатаев жерлестері алдында шығармашылық жолы туралы айтып берді. Айта кету керек, ол Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының белді актерлері болған Қарғаш Сатаев пен Әсия Аблаеваның отбасында өскен өнер иесі.Әкесі кезінде бірнеше киноларда басты рольдерді бейнелеуімен белгілі де.
Көрсетілім соңында сөз алған аталған театр директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмабеков Ақанды бала кезінен білетіндіктерін ортаға салып, әке-шешесі жолын жалғастырудағы еңбегіне табыс тіледі.
Бұл күнде фильм қаланың барлық кинотеатрларында көрсетілуде.