Жай түсіп, 320-дан астам бұғы қырылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - BNO News агенттігі хабарлағандай, қорықшы қырылған жануарларды 26 тамызда көрген, алайда билік оқиға орын алған жерге екі күн өткен оң ғана барған.
«Адамдар 323 бұғының өлігін тапқан, олардың бесеуін жарақатына байланысты өлтіруге тура келді», - деген норвегиялық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің өкілі Элин Фоссханг Олсёнің сөзін келтіреді агенттік.
«Біздің болжамымызша, бұғылар найзағайдың бір соққысынан қырылған. Мұндай жағдаймен алғаш рет кездесіп отырмыз», - деп қосты Олсё.