Жаяу жүргіншілер зардап шеккен жол-көлік оқиғасына себепкер жауапқа тартылды - Ақмола облысы
Жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 9-шы желтоқсанында облыс орталығындағы Горький және Абай көшелерінің қилысында орын алған. Горький көшесімен кележатқан «Мерседес» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген белгісімен солға бұрылмақ болып, қарсы келген «Мерседес» көлігіне жол бермеген. Осының салдарынан екі көлік соқтығысқан. Қатты соққының екпінімен екінші көлік өзге «ВАЗ-21725» көлігіне барып соғылған. Нәтижесінде «Мерседес» пен «ВАЗ-21725» көлігі тротуарға төңкеріліп түскен.
Осылайша ЖКО салдарынан тротруарда өтіп бара жатқан 1995 және 1993 жылғы екі жаяу жүргінші зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Осыған байланысты жол-көлік оқиғасына жол берген бірінші көліктің, яғни, «Мерседес» жүргізушісінің үстінен ҚРӘҚбК 468-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.