Жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оның өліміне себеп болған жүргізуші қолға түсті

Оқыс оқиға салдарынан кент тұрғыны 1967 жылы туылған М.Д. аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде мерт болды.
Дәл осы күні Арал қаласынан тағы бір суыт хабар тіркелген. «Самара-Шымкент» тас жолының 101 бекеті тұсында ГАЗ-33023 автокөлігі аударылған. Басқару жүйесіне ие бола алмаған жүргізуші У. аудандық ауруханаға сол жақ иығы сынып түскен.
Облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақтоты Боранованың хабарлағанындай, апта ішінде 2 жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде 1 адам жан тапсырып, біреуі ауыр жарақаттанған. Сонымен қатар жол ережесін бұзғандар - 1878. Көлікті мас күйінде басқарғандар саны - 23. Өткен аптамен салыстырғанда ішімдік ішіп, темір тұлпарды меңгергендер 7 фактіге артып отыр. Ал айып алаңына 67 көлік қойылды.