19:56, 19 Шілде 2025 | GMT +5
«Жайық» клубы Орталық Азия чемпионатында қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Оралдың «Жайық» клубы Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында үшінші ойынын өткізді.

Қазақстандық маман Виктор Козиктің шәкірттері бұл жолы жергілікті «HDC» (Мальдив) клубымен шеберлік байқасты.
Қазақстан чемпионы матч тағдырын үш партияда шеше білді – 3:0. Осылайша, Орталық Азия чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан батысқазақстандық клуб 21 шілде күні «Help SC» (Непал) командасымен кездеседі. Содан кейін «Бішкек» (Қырғызстан) клубымен ойнайды. 23 шілде күні қорытынды матчтар өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Орталық Азия чемпионатында «Жайықтың» жергілікті команданы жеңгенін жазған едік.