Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, бір адам мерт болды

Атырауда Жайық өзенінің үстінде екі қайық соқтығысып, бір адам мерт болды. Тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

соқтығысты,
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға бүгін, 20 қыркүйек сағат 07:00 шамасында болған.

«Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылының тұсында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты. Соның салдарынан 50 жастағы ер адам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, 1974 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі қайықты жүргізген 1992 және 1988 жылғы азаматтарда су көлігін басқаруға рұқсат қағазы бар болып шықты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Аталған қайықтар адамдарды серуендету қызметіне пайдаланылған. Су көлігінің бірінде 10 адам, ал екінші қайықта 25 адам болған. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккендердің арасында 5 ересек адам бар. Ал кәмелетке толмаған 4 бала облыстық балалар ауруханасына түскен. Оның ішінде 6 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Кейін катерлер соқтығысынан зардап шеккен 6 жасар баланың жағдайы ауыр екенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар