Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады

Жайық, БҚО
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM - Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.

Жайық, БҚО
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
Жайық, БҚО
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті.

Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтеріліп келеді.

Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800).

Жайық, БҚО
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда суға кеткен 820 үйге тұрғындар қайтып оралғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар