«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады
Фото: primeminister.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Облыс орталығында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланған. Екі мектеп биыл пайдалануға беріледі, олар - «Достық» шағын ауданында 1200 орындық және Гагарин көшесіндегі 600 орындық №47 мектеп. ⠀

«Жобаны іске асырудың екінші кезеңінде, яғни, 2025 жылы тағы 3 мектеп ашылады. Олар оқушы орындарының негізгі тапшылығы қалыптасқан «Жастар», «Усолка» шағын аудандарында және тағы бір мектеп «Шығыс» шағын ауданында бой көтереді. ⠀

«Ұлттық жоба өзінің ауқымы мен маңызы бойынша бұрын-соңды болмаған. Біздің міндетіміз - барлық нысандарды жер учаскелерімен және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету», - деп атап өтті облыс басшысы Асайын Байханов.

Соңғы жаңалықтар