«Жайлы мектеп» аясында салынатын мектептер саны неге азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жайлы мектеп«бағдарламасы арқылы салынатын мектептер саны 401-ден 369-ға дейін қысқартылған. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов неліктен мұндай шешім қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігіне көбірек қатысты. Бірақ дирекция ретінде біз де хабардармыз. Қазір оңтайландыру процесі жүріп жатыр, өсім перспективасы деген түсінік бар. Шамамен 32 мектеп кішірейтілді, ал кейбірі мүлдем алынып тасталды

, - деді Мәулен Айманбетов компанияда өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, бұл өтінім болжам ретінде берілген.

Ал өңірлерге барған кезде жоспарды қайта қарадық, қажеттілік жоқ жерлерді байқадық. Елестетіп көріңізші, біз мектеп саламыз, оның тек 40% баламен толады. Бізге мұндай мектептің қажеті бар ма? Кей жерде логистика бойынша екі шақырымнан аспайтын аумақта қолжетімді етіп жасадық

, - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге бөлінетіні хабарланған болатын.

Ең көп «жайлы мектептер» Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, тұтас Қазақстан бойынша біркелкі бөлінеді.


Соңғы жаңалықтар