Жайна Шекербекова бокстан Азия чемпионатының финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Жайна Шекербекова финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақта тайваньдық Хуан Сяо Веньмен финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Жайнаның қарсыласы бойы әлдеқайда ұзын, қолайсыздау болды. Соған қарамастан, қазақстандық боксшы алға ұмтылып, дәл соққы жасай білді. Мұны төрешілер әділ бағалады – 5:0.

Осылайша, Жайна Шекербекова Қазақстаннан алғашқы болып финалға жолдама алды.

Бұдан кейін қазақстандықтардан 66 келіге дейінгі салмақта тағы бір қазақстандық Мәдина Нұршаева рингке шығады. Оның қарсыласы – оңтүстіккореялық Чой Хон Гюн.

Еске салайық, бүгін Азия чемпионатында 9 қазақстандық боксшының жартылай финалдық жекпе-жектері өтетінін жазған болатынбыз.

Назым Қызайбай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.


Фото: www.instagram.com/drs_kz

Соңғы жаңалықтар