Жайық өзені бойымен тарихи-мәдени, экологиялық экспедиция өтеді

АНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына орай, Жайық өзені бойымен  ХII кезекті қазақстандық-ресейлік тарихи-мәдени, экологиялық экспедиция өтеді.
None
None

 Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Экспедиция құрамына эколог-ғалымдар, археологтар, тарихшылар, билік өкілдері, журналистер мен студенттер кіреді.

 Шараның басты мақсаты - Жайық өзені бассейнінің  экожүйесін, бай тарихи-мәдени мұрасын сақтауға қоғам назарын аудару. 

 «Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экология саласында бірыңғай мемлекеттік саясат құрып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру - «Нұр Отан» ХДП Халықтық платформасының басым бағыттарының бірі», дейді ресми өкіл.

 Экспедицияға қатысушылардың үндеуі бойынша, шара алдында түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп, онда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері мен Парламенттеріне Жайық өзеніндегі кешенді проблемаларды шешу жөнінде арнайы ұсыныстар әзірленген.

 Экспедиция жұмысы шілденің 27-сінен тамыздың 2-іне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар