17:19, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Жайық өзені жағасынан көптеген дене жарақаттарымен таксистің денесі табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 3 маусым күні Жайық өзені жағасынан Зеленов ауданына қарасты Щапов ауылы тұсынан көптеген дене жарақаттарымен таксистің денесі табылды.
Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласында тұрған Юрий Хлопков есімді ер адам «Дэу Нексия» автокөлігімен радио-таксиде жұмыс жасаған. Марқұмнан құжаттар мен ақша табылған.
Департамент тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия Құрмашевтің айтуынша, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.