«Жайық Пресс» ЖШС «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындарына 300 мыңнан астам теңгенің көмегін көрсетті

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС Орал қаласындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындарына 300 мыңнан астам теңгенің көмегін көрсетті.
None
None
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің атап өткеніндей, биыл облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің 95 жылдығы аталып өтілмекші. Мекеме ұжымы осыған орай мейрамханада тойлаудың орнына мұқтаж жандарға қолұшын созуды жөн көрді. Аталмыш қаржыға төсек-орын, қысқы киім-кешек, қазақ тіліндегі кітаптар, ойыншықтар, тәтті тағамдар алынып берілді. Сонымен қатар Маржан Қалменованың сырқат баласын емдетуіне жолқаржысы берілді. «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі балалар үйлерінің түлектеріне арналған. Онда 18-23 жастағылар тұруы тиіс, бірақ одан жасы асып кеткендер бар. Қазір мұнда барлығы 112 адам тұрып жатса, соның 21-і - жетімдер, 91-і - ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, осылардың ішінде 23-і - студент. Мұның сыртында отбасылы болғандардың 60 баласы өсіп-өнуде.
Соңғы жаңалықтар