«Жайық толқыны» жеңімпаздары хрустальді желкенмен марапатталды - БҚО

ОРАЛ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - 28 наурыз күні Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің жеңімпаз-жүлдегерлерін марапаттау салтанаты болды.
None
None

Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің айтуынша, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, өз өлкесін қадір тұту мақсатында аталмыш шара жиырма жылдан астам уақыттан бері ұйымдастырылып келеді.

Бұл жолы да жас жеткіншектер сәндік-қолданбалы өнер («Жас суретші», «Жас шебер»), әдеби шығармашылық («Жас ақын», «Жас прозашы»), көркемдік-эстетикалық («Жас талант», «Жас костюмші») бағыттар бойынша сайысқа түсті. «Жас костюмші» аталымынан оралдықтар Айнара Күлімжан мен Радмила Мәлікова жеңімпаз атанса, «Жас ақыннан» бөкейордалық, М.-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Әділет Әбдіров суырылып алға шықты. «Жас прозашы» аталымынан да Бөкей ордасы ауданындағы А.Құсайынов атындағы орта мектептен бәйгеге қосылған Айшат Нәси үздік атанды. «Жас суретші» мен «Жас шеберден» Зеленов ауданының намысын қорғаған Нұргүл Кенжеғалиева мен Мадияр Қиясов жеңіс тұғырына көтерілді. «Жас талант» аталымында «Еңлік-Кебек» пьесасынан қойылған үзіндіде басты рольдерді орындаған бөрліліктер Андрей Сармутян мен Гүлдана Тілегенова озып шықты. Жеңімпаздардың барлығы хрустальді желкенмен марапатталса, жүлдегерлер де құр қол қайтқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар