Жайықты тазалауға 1,7 млрд. теңге қажет - Атырау

ЫРАУ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Трансшекаралық Жайық өзенінің гидрогеологиялық режимін жақсарту үшін 1,7 млрд. теңге қажет», - деді облыстық табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол Қуанов.
None
None

Е. Қуановтың айтуынша, Жайық өзенінің су көлемін және гидрологиялық режимін жақсарту жобасы бойынша техника-экономикалық негіздеуді жүзеге асыру үшін 2010 жылы облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді. Судың қозғалысына кедергі келтіріп отырған 33 арнаны тазалау керек. Бұл үшін 1,7 млрд. теңге қажет.

Жайық өзенін тазалау жұмыстары 2012 жылдан басталады. Облыстық әкімдікте айтылғандай, жоба өте күрделі, себебі кей арналар балықтардың уылдырық шашатын орнына айналған. Оларды алып тастауға болмайды, тек тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Жайық өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту жұмысы біршама күрделі болғандықтан, жоба 2016 жылға дейін жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар