«Жайықжылуқуат» АҚ жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 251 млн. теңге жұмсады

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 126,4 млн. теңге қор жабдықтарын жөндеуге, 135,7 млн. теңге 10,7 км желіні күрделі және ағымдағы жөндеуге, 2,975 млн. теңге қазандықтарды реттеуге бөлінді.
Сол секілді «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ да бөлінген 168,5 млн. теңгенің (игерілгені - 165,5 млн. теңге немесе 98 пайыз) жөндеу ісін аяқтай келді. Сонымен қатар кәсіпорын инвестициялық бағдарлама аясында 200 млн. теңгенің қайта құру, жабдық сатып алу жұмысын атқаруда.
Қысқа әзірлік барысында «Батыс су арнасы» ЖШС 59,4 млн. теңге, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы 142,9 млн. теңге, «Арқагаз» АҚ 26,3 млн. теңгенің жұмысын жасауда.
Орал мен Ақсай қалаларында орталық жылу көздерінен жылытылатын 1263 үй болса, соның ішінде Оралда 1050 үй (91 пайыз), Ақсайда 96 үй (93 пайыз) қысқа дайын. Қазіргі таңда Оралда 11 балабақша, 8 денсаулық нысаны, 2 мектепке, Ақсайда 6 мектеп, техникалық колледж, 7 балабақша, емхана мен орталық ауруханаға жылу қосылды.
«Жайықжылуқуат» АҚ президенті Айтқали Тлефтиновтің айтуынша, тұрғындардың жылу үшін бережағы 200 млн. теңгені құрайды. Аталмыш кәсіпорын өз кезегінде тұтынылған газ үшін соншама көлемде қарыздар болып отыр.