Жаз айының басынан - 7 контрабандист, 4 тонна қарасора, және 2 мың түп өсірілген қарасора анықталды

Таратып айтар болсақ, Меркі ауданының құмды аймағының Тәтті ауылынан 10 шақырым жерде аудандық есірткіге қарсы күрес бөлімшесі мен «Дельта-долина» АЕБҚКБ қызметкерлерінің бірлескен күшімен екі контрабандист ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Роза Қалдыбекова.
Көршілес республиканың Чуй облысы Жайыл ауданы Полтавка ауылының 30 жасар тұрғыны 7 келі марихуанамен, ал оның серіктесі Қырғыз Республикасы Қара балта қаласының 38 жасар тұрғыны 5,6 гр. каннабис шайырымен ұсталды. Екі күдікті де кінәларын мойындап, УҚҰИ-на қамалды. Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұржан Қалметовтың сөзіне қарағанда, «Кендір-2010» жедел алдын алу іс-шарасынан бастап есірткі саудашыларынан 4 тоннадан астам марихуана тәркіленген, есірткі заттарын заңсыз сақтап, өткізген 43 дерегі анықталған, 7 контрабандист ұсталған. Негізінен олардың барлығы Қырғыз азаматтары. Іс-шара мақсаты - жабайы өсетін қарасораны анықтау мен жою, сондай-ақ көкнәрді егу мен өсіруді, жабайы қарасорадан алынған есірткі заттарын тасымалдау мен сатуды анықтау.
Бүгінгі күні ІІД ЕБҚКБ жедел қызметкерлерімен, егілмеген қарасораның 5 ошағы анықталған, марихуананың екі мыңнан астам түбі алынған. Шілденің 4-і күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылында көкнәрді егіп өсірудің ошағы анықталған. «Д» деген азаматтың бақшасында жалпы салмағы 3 келіден асатын есірткі затын құрайтын өсімдіктің 33 түбі тәркіленген, - дейді Н.Қалметов. Есірткі заттарын құрайтын өсімдіктерін заңсыз еккен барлық деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, барлық қозғалған істер бойынша сараптама тағайындалған. ҚР ҚК-нің 261 бабы 2 б. сәйкес есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіргені үшін, бұл «ботаниктерге» үш жылдан сегіз жылға дейін темір тор күтіп тұр.