Жазда Астанадағы жол жүру ақысы 110 теңге болады – Жеңіс Қасымбек

АСТАНА. KAZINFORM – Жазда Астанадағы жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде айтты.

автобусы в Астане
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Жазда жол жүру ақысы қымбаттайды. Қазіргі 90 теңгелік жол ақысы 10 жыл бұрын бекітілген еді. Бұл уақытта жүргізушілердің жалақысы, бензин құны – бәрі өзгерді. Сондықтан бұл өзгерістің негізі бар. Қазір әкімдік әрбір жолаушы үшін 250-300 теңге субсидия төлеп отыр», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Қалалық мәслихат регламентке сәйкес, осы шешімді қабылдайды. 

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов қоғамдық көлікте жүру ақысын көтеру бастамасын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар