Жаздың алғашқы күндері 35 градус аптап ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 1-3 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Көптеген өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын жаумайды.

Температуралық фонға келетін болсақ, жаздың ықпалы барынша сезіле бастайды. 

Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы бірте-бірте жоғарылап, 17-27 градусқа жетеді, ал елдің оңтүстігінде плюс 27-35 градусқа дейін көтеріледі. 

Соңғы жаңалықтар