Жазғы демалыс кезінде оқушылардың қай санаттары тегін оңалтудан өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде оқушыларға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын түсіндірді.

Балаларды сауықтыру орталықтарында «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес, келесі санаттағы балалар тегін демалуға және сауықтырудан өтуге құқылы:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
- отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын оқушылардың өзге де санаттарына жататын балалар.
- Қазақстан – балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын санаулы мемлекеттердің бірі.
Лагерьлерде 3,1 млн баланы, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы 500 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоры есебінен «Жаздық жолдама» жобасы аясында 10 мың баланы қабылдау ескерілген, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Еске салсақ, Оқу-ағарту министрлігі биылғы соңғы қоңырау мен мектеп біртіру кештерін өткізу тәртібіне қатысты түсінік берді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті лагерьлердің жазғы демалысқа дайындығын бақылауға кірісті.