Демалыс кезінде студенттерге табыс табуға мүмкіндік беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі ауылда жұмыспен қамтудың жаңа формаларын енгізуге қатысты түсінік берді.

Германиядағы жұмыссыздық көрсеткіші 2021 жылдан бергі ең жоғары
Фото: tsyhun/Freepik

«Қазіргі кезде министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп маусымдық және вахталық жұмыстарды орындауға жұмыскерлерді тартуға, сондай-ақ өңірлерде мобильді кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жаңа тәсілдерді әзірлеп жатыр. Оның аясында тиісті қадамдар ескерілген. Біріншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдары арқылы жұмыс берушілерді ынталандыру жолымен еңбекақысы төмен әрі неғұрлым талап етілетін жұмысшы кәсіптеріне субсидиялау мүмкіндігі қарастырылып отыр. Екіншіден, дайын бизнес идеялардың ұтқырлығы есебінен кәсіпкерлік бастамаларды кеңейту мүмкіндігі бар. Үшіншіден, жазғы демалыс кезінде студенттерге қосымша табыс табу мүмкіндігін беру», - делінген Еңбек министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, мұндай өзгерістер ауыл шаруашылығын дамытуға, еңбек нарығының сұранысына бағытталған өнімді жұмыспен қамтуға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, өндірілген өнім көлемін ұлғайтуға әсер ететін бизнес-бастамаларды кеңейту ескерілген.

«Қазіргі уақытта Ұлттық экономка, Ауыл шаруашылығы, Ғылым, Цифрлық даму министрліктері, солтүстік өңірлердің әкімдіктері және «Атамекен» ҰКП-мен жоғарыда аталған тәсілдер бойынша шоғырландырылған ұстанымды әзірлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деп аталып өткен министрлік мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтудың жаңа ережелері қабылданатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар